08 сәу, 2021 сағат 08:34

Оралда соңғы төрт күнде 235 адамнан коронавирус анықталды

Орал қаласында соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, індет сондай-ақ Бөрлі, Бәйтерек аудандарында өршіп тұр.

Атап айтқанда, 4-7 сәуір аралығында Бөрліде 81, Бәйтеректе 41 адамның дертке шалдыққаны анықталды. Сол секілді Шыңғырлауда 19, Теректіде 15, Қазталовта 15, Тасқалада 10 адамның сырқаттанғаны белгілі болды.

Облыста соңғы төрт күнде 429 адам тіркелсе, соның 243-і ЖРВИ белгілерімен қаралғанда, 99-ы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғаннан кейін, 83-і профилактикалық мақсатта, төртеуі стационарға жатқызар алдында тексерілгенде анықталды.

Індет басталғаннан бері өңірде ауырғандар саны 15900-ге жетсе, соның 12763-і жазылып шықты. 249 адам көз жұмды.