07 сәу, 2021 сағат 12:24

Оралда коронавирус жұқтырған тұрғын полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Коронавируспен ауырған 65 жастағы Орал қаласының тұрғыны өз бетімен ауруханадан кетіп қалған. Қазір оны құқық қорғау органдары іздеп жатыр. Бұл туралы "Мой город" порталы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Ер адам ауруханадан 1 сәуір күні шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені туралы ақпарат жоқ.

"Ер адамның бойы – 160-165 сантиметр, толық денелі, қоңыр көзді, шашы ақшыл, сақал-мұрты бар. Ол қара трико, жүннен тоқылған жемпір, көк көйлек және үй шәркесін киген. Қолында сары пакет болған. Қазіргі таңда ер адам іздестіріліп жатыр, өйткені оның COVID-19 жұқтырғаны расталған, қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер Анатолий Максиннің тұрғылықты жері туралы қандай-да бір ақпарат білетіндерден 8 775 717 11 19 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрады.