24 сәу, 2024 сағат 13:00

Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?


Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан территориясының басым бөлігіне, Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер ететін болады – найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі деп болжап отыр Қазгидромет деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат". 

Қазгидрометтің мәліметтері бойынша тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астана қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.

Алматы қ.: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.

Шымкент қ.: көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.