22 мау, 2021 сағат 10:35

Өңір әкімдері эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуі керек – Тоғжанов


Өңір әкімдері эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуі керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауру көрсеткіші 1,7 есе төмендеді. Дегенмен, бүгінде әлемде, оның ішінде көршілес елдерде науқастар санының кезекті рет артуы байқалып отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Оның атап өтуінше, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел тарап жатыр. 

«Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол «дельта» штамына тән екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдерінен эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз. Босаңсуға ешқандай негіз жоқ»,- деді Ералы Тоғжанов.