16 мау, 2021 сағат 19:30

Олимпиадаға баратын қазақстандық спортшылар қандай вакцина салдырды?


ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Токиода өтетін Олимпиадаға баратын спортшылардың қандай вакцина салдырғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Лицензия иегерлерінің шамамен 80 пайызы вакцина салдырды, әлі де вакциналау жұмысы жалғасып жатыр», - деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр біздің спортшылардың шекарадан өту мәселесі іс жүзінде шешілгенін атап өтті.

«Қазақстандық спортшылар қабылдаған негізгі вакцина – «Спутник V» болып отыр, сондай-ақ спортшылар жиын өтіп жатқан қалалар бойынша вакцина алып жатыр, кей жерде Pfizer, кей жерде AstraZeneca, ал енді бір жерде Moderna салғызуда», - деп түсіндірді Ерлан Қожағапанов.