#
#
Жексенбі 11/04/2021

Нұр-Сұлтанда туберкулез ауруы бес есе азайды

  • 04.03.2021
  • 0
  • 141

Соңғы он жылда елордада туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылы туберкулездің 765 жаңа жағдайы тіркелсе, 2020 жылы – бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеген. Туберкулезге қарсы қызметтің жетістіктері қаладағы медициналық ұйымдардың және қаланың көптеген бөлімдері мен құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты», - деп толықтырды Әлия Рүстемова.

Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында қала тұрғындарын профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 16 стационарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар.

«Туберкулезді диагностикалаудың сезімтал гендік-молекулалық әдістерінің көмегімен туберкулез болуы ықтимал пациенттерді тексеру үшін Нұр-Сұлтанда төрт аппарат бар: оның үшеуі медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында және біреуі қалалық фтизиопульмонология орталығында тұр. Бұл зерттеу екі-үш сағат ішінде патогеннің болуын анықтауға және дәрілерге сезімталдықтың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді», - дейді Ә. Рүстемова. 

Сонымен бірге, спикер амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы айтып берді. Бұған дейін көмек азық-түлік пакеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап – 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер беріледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар