
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шараларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәлім етілгендей, соңғы аптада елордада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76% жоғары болды. Яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96 құрады. Репродуктивтік саны — 1,506.
Науқастар санының артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді.
Нұр-Сұлтан қаласында 22 наурыздағы жағдай бойынша, COVID-19 инфекциясының барлығы 28 248 жағдайы тіркелді, оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз.
Бір тәулікте зертханада расталған 203 жағдай тіркелді: симптомды - 136, симптомсыз – 67 жағдай. Өсім — 0,85%.
Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз бетімен тексерілген.
22 наурыз күні 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53. Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 39 оқиға тіркелді.
Бұдан бөлек, науқастармен байланыста болған 357 адам тізімге алынды. Індет өршіп тұрған ошақтардың жалпы саны – 1321, оның ішінде үйдегі ошақтар – 834 (байланыста болғандар саны — 1497), мекемелер саны – 487 (ұжымдарда байланыста болғандар — 1917).
Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:
- маска режимін ұстану;
- адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);
- әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептикпен зарарсыздандыру.
«Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!», - деді қала әкімдігінен.
