02 нау, 2021 сағат 19:52

Нұр-Сұлтанда алимент төлемей жүрген борышкердің джипі тәркіленді

Борышкердің алимент төлемегені үшін кезекті жол талғамайтын көлігі тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының (ЖСО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Борышкер сот шешімін қасақана орындамаған және сот орындаушысымен байланысқа шықпаған. Бұған қоса сот шешімін елемеген.

«Нұр-Сұлтан қаласының ЖСО іс жүргізуінде азаматша Н-дан азаматша М-ның пайдасына 3 361 869 (үш миллион үш жүз алпыс бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз) теңге мөлшерінде алимент және берешек өндіріп алу туралы сот бұйрығы бар. Борышкердің 2006 жылы шыққан «CADILLAC ESCALADE» маркалы автокөлігі тәркіленіп, мәжбүрлеп сатуға берілді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ЖСО өңірлік палатасының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Сауда-саттық өтіп, машина 5 135 000 теңгеге сатылған.