09 там, 2019 сағат 06:27

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,31 долларға қымбаттап, 57,75 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 1,45 долларға көтеріліп, бір баррелі 52,54 доллар болды.