Фото: ашық дереккөз
Қазірде 2 компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылса, 4 аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Ult.kz.
Олар бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарып, бір кеңсені пайдаланған. Ал қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған бұл ұйымдарда 200-ден астам адам жұмыс істеген.
Тексеру барысында 327 мыңнан астам адам 30 млрд теңге көлемінде шығынға ұшырағаны белгілі болды.
Сот қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды. Ал микроқаржылық ұйымдар заңсыз алған қаражаттарын қайтарады.