16 сәу, 2026 сағат 17:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: ашық дереккөз

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

– Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады, – деп жазылған жеделхатта.