12 ақп, 2024 сағат 15:17

"Мектепте теракт болады" – Қарағанды полициясы хабарлама таратқандарды іздеп жатыр

Фото: egemen.kz

Мектепте теракт болады деп ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Полицияның айтуынша, хабарлама таратқан күдіктілерді табу үшін кешенді шаралар ұйымдастырылған.


"Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы қауіпсіздікті күшейту жұмыстарына ерекше назар аударылды", - дейді ведомство.


Полиция азаматтардан арандатушылардың жалған ақпаратына сенбеуге, тыныштықты сақтауға шақырды. Айтуларынша, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

Осыған ұқсас жалған хабарламалар биыл жыл басында көршілес мемлекеттердің бірқатар қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның өзге облыстарында да болған. Салдарынан халық арасында біраз дүрбелең туды.