Фото: AI Generated Image (DALL·E, OpenAI)
20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
- Бұл бөлім оқушылар мен студенттерге жазғы демалысты тиімді өткізіп қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға және еңбек дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.