Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда медбикелерге кейбір дәрі-дәрмектерді тағайындауға рұқсат беру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Ult.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Мақсат – медициналық көмекті қолжетімді ету, әсіресе ауыл-аймақтарда.
Жаңа ереже қабылданса, медбикелер қарапайым дәрілерге рецепт жазып, науқастарға жедел көмек көрсете алады.