22 мау, 2021 сағат 18:57

Мажарстан Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған ЕО-дағы алғашқы ел болды



Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы вербалды ноталармен алмасты. Бұл туралы ҚР Мажарстандағы Елшілігі хабарлады.

Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 вирусының таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстан Республикасына және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді.

Өзара мойындау шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

Осылайша, Мажарстан Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындайтын Еуропалық Одақтың алғашқы елі болды.