Фото: Видеодан скриншот
Мәскеуде мас әйел бір түн бойы 112 қызметін әбігерге салып, Қызыл алаңды жарып жіберемін, Ленинді өртеймін деп қорқытқан, деп хабарлайды Ult.kz.
Бүгін сот оған үкім шығарып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Белгілі болғандай, әйел ішімдік ішіп отырған серіктеріне әсер қалдырмақ болған. Дастарқан басында Ольга диспетчерлерге истерикамен қоңырау шалып, өзінде «жарты келі динамит бар» деп айқайлаған.
Оқиға орнына күштік құрылым өкілдері жеткенімен, ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
