Фото: ҚТЖ
Қайғылы оқиға 28 ақпан сағат 21:46-да Боранқұл станциясында болған. Оқиғаның алдын ала себебі - жәбірленушінің қауіпсіздік ережесін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтуі, деп хабарлайды Ult.kz.
«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді. ҚТЖ теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адамды қағып кету жағдайы тіркелсе, оның 4-і мас күйде болған. Ал 2024 жылы 75 қайғылы оқиға тіркелген.
Негізгі себеп - теміржол арқылы өту ережесін бұзу, мас күйде болу, таңдауышты пайдалану және теміржол маңында немқұрайлылық таныту.