Фото: бейнеден скриншот
Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтаудағы балабақшада 12 бала бар топқа небәрі бес порция тамақ берілгені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
“Тәрбиеші бұл әрекетін бұрын балалар таңғы асты үнемі ішпегенін және тамақ қалып қоятынымен түсіндірді. Сондықтан оны кішкене порцияға бөліп салған. Тәрбиешіге қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Балабақша басшылығы ата-аналардан кешірім сұрады”, – деді білім басқармасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін бүлдіршіндердің ата-аналары шағым түсірген еді. Тағы бір ана басшылық ауысқан соң мекемедегі балаларға деген көзқарас өзгеріп, баласын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр болғанын атап өтті. Ата-аналарының айтуынша, 12 бүлдіршінге таңғы асқа тек бес порция, ал кешкі асқа төрт порция тамақ берілген.