Фото: Ulysmedia.kz
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ULYS MEDIA порталының бас редакторы Самал Ибраеваға қатысты жасалған арандатушылықты қатаң айыптайтынын және бұл әрекетті жол беруге болмайтын өрескел киберқылмыс деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік порнографиялық контент тарататын және интимдік қызметтерді жарнамалайтын тыйым салынған интернет-ресурстарды түгендеу жұмыстарын күшейтіп, оларды жедел бұғаттау үшін өз құзыреті шеңберінде барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді.
"Бұл құқықбұзушылықты жасаған адамдар анықталатынына сенім білдіреміз.
Қазақстанда цифрлық зорлық-зомбылық пен буллингке жол жоқ. Бұл — мемлекетіміздің қағидатты ұстанымы", - делінген хабарламада.
Журналист Самал Ибраева өзіне цифрлық шабуыл жасалғанын мәлімдеп Тоқаевтан көмек сұрағанын жазған болатынбыз.