11 қаз, 2024 сағат 10:33

Lenovo топ-менеджері Ермек Жақыпжанов өлтірілді


Lenovo топ-менеджері Ермек Жақыпжановтың денесі Алматы облысындағы кент маңынан табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

"10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр кентінің шетінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар бір күн бұрын Алматыда хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды",-деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


9 қазанда еріктілер Жақыпжановтың үйден таңертең ерте автокөлікпен кеткенін хабарлады.

Айта кетейік, ол Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры болып жұмыс істеген.

Полиция бұл кісі өлтіру екенін атап өтті. Қылмыстық іс қозғалды. 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол Қарағанды облысында ізін суытпай табылып, ұсталды.

"Қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды полиция өкілдері.