12 сәу, 2021 сағат 13:12

Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды

Қызылорда облысы бойынша 10 сәуірге дейін 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе салдыру ақпан айының алғашқы күнінен басталды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, учаскелік полицейлер, студеттер, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, мемлекеттік күзет қызметінің мамандары бар. Сондай-ақ, оған полиция басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер. ҚР аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері саналатын азаматтар, ұлттық құрама командалардың мүшелері енгізілген. Аталған тізімге қант диабеті, өкпенің созылмалы обстркутивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі секілді созылмалы дерттері бар адамдар қосылады. 

«Айта кетерлігі, олардың ішінде медицина қызметкерлері 4330 (40,6%), мұғалімдер 2619 (24,5%), учаскелік полицейлер 855 (8,0%) адамды құрайды. Вакцинаның алғашқы партиясы облысқа 1 ақпанда жеткізілсе, одан кейін 2 наурызда толықтырылды. Биылғы жылдың 1 сәуірінде үшінші, 9 сәуірінде төртінші партиясы жеткізілді. Қазір жергілікті жерде 16100 доза бар. Қазірге дейін 10659 доза вакцина салынды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.