14 қаз, 2024 сағат 10:48

Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады

Фото: pexels.com

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен болатын.

Алайда биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр.

Бұл күндерді ескерсек, мектеп оқушылары күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады.