23 шіл, 2024 сағат 10:38

Құтқарушылар Алматы облысындағы Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тапты


Фото: instagram/roso_kazakhstan

22 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушылары Қонаев қаласы ЖҚЖ бірге Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тауып, алып шықты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.

Дене құлап кеткен жерінен 1,5 шақырым қашықтықта табылды.