Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі республикалық және өңірлік деңгейдегі, баспасөз, телевизиялық және электрондық БАҚ, радио және блогерлердің басын біріктіретін «Әскер-Медиа-2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалін өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, ҚК қызметін бұқаралық ақпарат құралдарымен білікті және дәйекті түрде жария ету, қоғамдық позитивті пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін насихаттау және арттыру, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Конкурстық жұмыстарды іріктеу кезінде барлық қатысушылар абсолюттік тең жағдайда болады. Бағалаудың басты өлшемшарты жоғары кәсіби деңгей, тақырыптың өзектілігі және мазмұндау тілінің мәнерлілігі болмақ.
«Әскер-Медиа-2017» республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал», «Ақпарат агенттігіндегі үздік жұмыс», «Үздік фотожұмыс», «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс», «Үздік әскери шолуыш», «Үздік жас журналист», «Үздік өңірлік БАҚ» аталымдары бойынша БАҚ-тың үздік өкілдері таңдалатын болады.
Ағымдағы жылғы 10 шілдеде байқауға қатысу шарттары, сондай-ақ «Әскер-Медиа-2017» тұңғыш қазақстандық баспасөз фестивалінің ережесімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында толыққанды танысуға болады.