Фото: видеодан скриншот
23 ақпанға қараған түні боран салдарынан Қостанай облысының Амангелді ауданында Әулиекөл – Жалдам автожолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары тас жолдан 98 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.
Алты кішкентай бала мен бір ересек адам Амантоғай ауылындағы жылыту бекетіне жеткізілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмады.
Құтқарушылар қар құрсауынан осы учаскеден сегіз жеңіл көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.
Сонымен қатар, Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір жеңіл автокөлікті тазарған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Көлік ішінде екі адам болған.