09 нау, 2021 сағат 11:56

Қостанай облысындағы жолда қар құрсауында қалған жүзден астам адам құтқарылды

Демалыс және мереке күндері құтқарушылар жолда қар құрсауында қалған жүзден астам адамды құтқарды. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Қостанай облысының ТЖД.

Қостанай облысында демалыс және мереке күндері 6 және 9 наурыз аралығында ауа райына байланысты еркерту жарияланған. Осыған байланысты өңірдегі жолдара құтқару жұмысы жүргізілді.

«6 наурызда таңғы сағат 10:50-де Боровской-Каскад аудандық жолдың 24 шақырымында екі адам құтқарылды. Қарда қалған көлік жолдың тазартылған жағына шығарылды. Адамдар медициналық көмекті қажет етпеді. 7 наурызда сағат 20:45-те Арқалықтың №4 мамандандырылған өрт бөлімшесіне Арқалық-Державинск тасжолының 50 шақырымында 60 жолаушысы бар 20 автокөліктің жиналып қалғандығы туралы жедел хабар түсті. 22:55-те жол талғамайтын көліктегі құтқарушылар эвакуация орнына келіп, 20 жолаушыны құтқарған. Олардың қатарында сегіз бала болды. Құтқарылғандар Арқалыққа жеткізілді. Олардың ешқайсысы жарақат алмаған және медициналық көмекті қажет етпеген», - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар 8 наурыз – мереке күні де адамдарды эвакуалиялады. Бұл күні Арқалықтан 90 шақырым жерде Жезқазған-Петропавл тасжолында қар құрсауынан бес адам құтқарылып, екі техника шығарылды. Сонымен қатар Фурманово ауылының маңында «Жезқазған-Петропавл» республикалық жолында қар құрсауынан 20 адам шығарылды. Жолаушылар Арқалыққа ыстық тамақ берілетін жылыту пунктіне жеткізілді.

«9 наурызда 1983 жылғы азаматша отбасымен бірге Жетіқара-Чайковский тасжолында тұрып қалғандығы туралы хабарлады. Оларға жақын жерде тағы бір адам жолда қалған. Құтқарушылар жолаушыларды аман-есен Жітіқара қаласына жеткізді. Тағы да бұл күні Әулиекөл ауылынан 38 шақырым жерде «Әулиекөл-Москалевка» автожолында төрт адам құтқарылды», - деп мәлімдеді ведомствода.

Облыстың ТЖД азаматтардан ауа райы қолайсыз кезде үйден шықпай, елді мекендерден алыс кетпеуін сұрайды.