28 мау, 2021 сағат 13:12

«Қостанай-Қарабұтақ» трассасында 3 жасөспірім қаза тапты


Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған үш бала қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 маусым күні «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолында Renault Sandero көлігін жүргізіп келе жатқан 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озу кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault Sandero-да отырған 14 жастағы екі бала мен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты», - деп хабарлады полициядан. 

Аталған көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы дене жарақаттарын алған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.