Фото: stan.kz. Елдос Қоспаев
Елдос Қоспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2023 жылы Солтүстік Кипрде қолға түсіп, Қазақстанға әкелінген, деп хабарлайды Ult.kz, informburo.kzке сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевқа қатысты үкім шығарды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылғы қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Солтүстік Кипрде қолға түсіп, олар Қазақстанға әкелінген болатын. Оларға қылмыстық топ құрды және оған қатысты, рейдерлік әрекеттермен айналысты деген айып тағылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қоспаевтың қылмыстық тобында 11 адам болған. Олар келесі компанияларды тартып алған деген күдік болды:
- AV-Construction;
- Profit trade ltd;
- Azovita Aktau;
- Azovita Atyrau.
Елдос Қоспаев өзінің сенімді адамдары арқылы 7 жылға сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың бизнесінің 75 пайызына иелік еткен. Ал кейін Әбдіғаппаровтың анасына қысым көрсету арқылы қалған 25 пайыз үлесті тартып алған.