16 мау, 2021 сағат 15:50

Коронавирустың өте көп мутациясы болады – Алексей Цой


Коронавирустың өте көп мутациясы болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір өте көп мутация бар. Оны өздеріңіз де таяу уақытта түрлі штаммдар пайда болған кезде көресіздер. Өзге вирустар сияқты және мұнан жалтара алмаймыз. Сондықтан біз дайын болуымыз қажет. Денсаулық сақтау жүйесі кез келген қатерге төтеп беру үшін бейімделіп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Бұған дейін министр сараптамаларды соңғы секвестрлеу барысында Қазақстаннан үнді штамм анықталмағанын, мұндай зерттеулер тұрақты түрде жүргізілетіндігін айтқан болатын.