19 мау, 2021 сағат 10:31

Коронавирус және пневмония: тағы 17 қазақстандық қайтыс болды


Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

19 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 280 адам коронавирус инфекциясынан (20 066КВИ+ және 1 214 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  6 327 пациент стационарда,
  • 14 953 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  445 адамның жағдайы ауыр,
  •  103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  65 ұнауқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.