27 мау, 2021 сағат 09:55

Коронавирус және пневмония: тағы 13 адам қайтыс болды


Тағы 13 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

27 маусымдағы мәлімет бойынша, 23 552 адам коронавирус инфекциясынан (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  6 015 пациент стационарда,
  • 16 537 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  458 адамның жағдайы ауыр,
  •  107 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  68 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.