22 ақп, 2021 сағат 12:50

Коронавирус: Вакцина салдырғысы келетін елордалықтар қашан өтінім бере алады?

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны өз қалауымен қашан салдыра алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакциналау басталды. 1 ақпаннан бүгінге дейін 2 008 медицина қызметкеріне вакцина егілді. Екінші кезеңде – педагогтер мен күш құрылымдарының қызметкерлері вакцина алады. Одан кейін сәуір айында – студенттер тұр. Ал өз қалауымен вакцина салдырғысы келетін қала тұрғындары мамыр айында екпе ала алады», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.