16 ақп, 2021 сағат 14:33

Коронавирус: Өзбекстанда вакциналау наурызда басталмақ

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакциналау наурызда басталады. Бұл туралы Коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстанның санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің ақпараты бойынша, вакциналау жұмыстары наурыздың алғашқы жартысына басталуы ықтимал. Бұл мақсатта Ташкент пен өзге өңірлердегі емдеу-профилактика мекемелерінде 3138 кабинет қарастырылған.

Вакцина бірінші кезекте қауіпті топтарға жататын 65-тен асқан егде жастағы адамдарға, созылмалы ауруға шалдыққандарға, халықпен тығыз қарым-қатынаста болатын медицина, мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу мекемелері және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне салынады. Олардан кейін халықтың басым бөлігін вакциналау көзделініп отыр. Вакцина салу ерікті негізде жүргізіледі.

Өзбекстанның санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметі 12 ірі вакцина өндірушілерімен сатып алу жөнінде көліссөздер жүргізуде. Сонымен қатар Өзбекстанда қытайлық Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical компаниясының вакцинасы сыналып жатыр. Оның клиникалық сынамалары сәтті аяқталған жағдайда, сатып алу алынбақ

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні Өзбекстан Президенті елдің Денсаулық сақтау министрі мен санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің басшысына коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмыстарын жеделдетуді тапсырған.

Сонымен қатар «Спутник V» ресейлік вакцинасының сертификаттау процесі жүргізілуде.