23 мау, 2021 сағат 11:00

Коронавирус: «Қызыл» аймақта - бір қала, «сары» аймақта 6 өңір тұр


23 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр. 

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. 

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.