15 нау, 2021 сағат 07:45

Коронавирус: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әлі «қызыл» аймақта

15 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал «сары» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген. 

Кеше «сары» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «жасылға» өткен.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.