02 шіл, 2024 сағат 13:29

Көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланбақ


Фото: видео скриншот


Желіде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың су толы көлікпен жүруі жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиға Астана қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос блогерді мақтап та, даттап та жатыр. 


“Контент не істетпейді”, “Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар?!”, “Тойынғаннан түсіп жүр”, “Өте керемет шыққан”, “Бөлексіңдер”, “Жетімдер мен ауруларға көмектесіңдер”, “Ақша не істетпейді”, “Мына тірлік артық болған сияқты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 


Аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті пікір білдірді.


ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.