Фото: polisia.kz
Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.
— ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды. Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды. 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да алаяқ екі ағайындыны 5 млн теңгеге алдап кеткенін жаздық.
Сонымен қатар, Шымкентте жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысқан күдікті іздестіріліп жатқанын хабарладық.