07 сәу, 2021 сағат 19:34

Көкшетауда сауда үйіндегі «бомбаға» байланысты 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Көкшетауда белгісіз біреу «Арбат» сауда үйіне «бомба» қойылғандығын хабарлады.

Осыған байланысты сауда үйінде болған 100-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, кешкі сағат 20:33-те Ақмола облыстық Полиция департаментінің кезекшілік бөліміне жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінен ақпарат түсті. Онда ТЖД-не белгісіз біреу «Арбат» сауда үйіне «бомба» қойылғандығын телефон арқылы хабарлап айтқан. 

«Айтылған жерге жедел- тергеу тобы, көліктегі және жаяу полиция қызметкерлері жетті. Барлығы 100-де жуық адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері мен жарылғыш затпен жұмыс істейтін мамандар «бомбаны» іздестіруде. Сонымен бірге, жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шарасы қолға алынды» , - деді ведомстводан.