05 шіл, 2017 сағат 08:55

Қоғамдық ұйымдардың маңызы зор

Қоғамның азаматтық және әскери әскери орта болып екіге бөлінетіні баршаға аян. Әскери ұжым, сол азаматтық қоғамды қорғауға, оған төнген қауіптен араша болуға міндеттелген орта.

Әскери ортаның өзінің қалыптасқан құндылықтары, талапттары, дәстүрлері бар. Ерекше міндеттемелер жүктелгеннен сон азаматтық өмірге қарағанда сұраныс та, жауапкершік те жоғары.

Ал әскери ортада қоғамдық үйымдардың атқаратын қызметтік міндеттері зор. Атап айтқанда, олардың қатарында – Әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Офицерлер және Келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілердің жиыны, Жастар белсенділігі орталықтары ұжымдағы белді міндетті атқаратыны рас. Мәселен, бұл қоғамдық үйымдар тәрбие ісінде таптырмас негізгі тұтқа. Ардагерлер кеңесін алайық, бұл қоғамдық бірлестіктің негізгі қызметті де тәрбие ісімен қат-қабат астасып, тармақталып жатыр. Өнеге, үлгі дегеннің барлығы да аға буынның жас буынға үйретуімен үйлесімін табатыны сөзсіз.

Ал офицерлер құрамы мен келісімшарт негізіндегі қызметкерлердің басын қосқан алқалы кеңестер әр түрлі мәселелерді түбегейлі шешудің ұйытқысы. Мәселен, қуанышқа, не болмаса алда жалда қайғыға жолыққан әріптестеріне көмек көрсету, болмаса тәртіптсіздіктің алдын алу, болмаса тағысын тағы өмірдің ағысынан туындайтын сансыз жағдайларға байланысты шұғыл шаралар, реттеушілік мақсаттағы міндеттерді әуелі осы ұйымдар жүзеге асыратыны белгілі. Ал жас сарбаздардың арасында Жастар белсенділігі орталығының атқаратын ісі ұшан-теңіз, әрі аудай қажет дүние.

Шілденің 5-і күні Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сүлейменов оңтүстік астанадағы бағыстағы әскери бөлімдердің қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу ұйымдастарды. Атап айтқанда, шараға 5571, 5572, 3650, 7552 әскери  бөлімдеріндегі қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты.

Өңірлік қолбасшылықтың бас тәрбиесіші, алдымен шараға қатысушылардың атқарып отырған істеріне зор мән бере келіп:

- Сіздер күнделікті қызметтік-лауазымдық міндеттеріңізден өзге осы ұйымдар арқылы ұжымдағы достық, татулық, тәртіп, адамгершілік құндылықтарын насихаттауға, ұжымдағы моральдық-писихологиялық жағдайды қалыпты деңгейде ұстауға зор үлес қосып келесіздер. Ал бүгінгі алқалы жиынға жиналуымыздың басты себебі, алдағы жұмыстарымызды бір жүйеге келтіру, ортақ пікір алысу, тың жетістіктерге жеткен әріптестеріміздің оң тәжірибесін талқылау болып табылады, - деп атап өтті.

Соңында лауазымды тұлға өзінің міндеттерін үлгілі атқарып, ұжымды патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне ерекше үлес қосқан әскери қызметшілерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың Алғыс хаттарын табыс етті.

Майор Арман ӘУБӘКІРОВ,

Алматы қаласы