11 мау, 2024 сағат 11:24

"Хомяк" ойыны бай болуға көмектесе ме?: Сарапшылар бұл ойынға құмар адамдарға кеңес берді


Елімізде үстінен басып отырып ойнайтын "Хомяк/Қоян" ойыны жұртшылық арасында таралуда. Сол арқылы баюға болады дегенге сенген адамдар оған уақытының көп бөлігін жұмсайды екен. Мамандар ойын қосымшаларында нақты ақша табуға бола ма, жоқ па, деген сауалға жауап беріп, оның зиянын атады.

31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасының хабарлауынша, мессенджердегі ойын тек қазақстандықтар арасында емес, жер шарындағы миллиондаған адамдардың назарын аударуда. Ойынның сюжеті бойынша жануардың боялған жерін басу арқылы виртуалды монеталар алуға болады. Әзірлеушілер оларды нақты криптовалютаға айырбастауға болады деп сендіруде. Бірақ сарапшылар мұның екіталай екенін жеткізді. Себебі ол үшін жоба нақты крипто биржасында тіркелуі керек. Алайда ол әлі тіркелмеген. 

Мамандар ойын ойнар алдында бәрібір де жұртшылықтың қаражат төлейтінін және мұның психологиялық тұрғыда адам санасына кері әсерін жеткізді. 

"Қоянды ұру үшін сізден ақша алады. Бұл алаяқтықтың классикалық мысалы. Сондықтан сізге ешқандай қаражат төлеудің қажеті жоқ", – деді киберқауіпсіздік, IT және коммуникация саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин.


Психологтар мұндай ойындар түрлі мәселелер туындатуы мүмкін екенін жеткізді.

"Бұл әдет құмар ойындарға, людоманияға әкелуі мүмкін. 21 күн ойнаса ол әдетке айналды деген сөз. Сонымен қатар, үнемі ойнап түрлі деңгейлерге жетуге ұмтылыс, сыйақы алу қажеттілігіне байланысты стресс пен мазасыздық деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін",- деді Қостанай облысы білім басқармасының Аймақтық психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының директоры Елена Петренко.


Сарапшылар пайданы әзірге тек ойынды жарнамалайтын блогерлер ғана таба алатынын алға тартты.