03 қаз, 2024 сағат 16:41

Келесі жылы запастағы 900 ден астам офицерді қызметке шақыру жоспарланып отыр

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда 2025 жылы запастағы 900 ден астам офицерді қызметке шақыруды жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі Ашық НҚА сайтында қаулының тиісті жобасын жариялады.

Құжатта көрсетілгендей, 2025 жылы әскерге 915 запастағы офицерді шақыру жоспарланған.

Мұнда мәселе әлі қызмет өткермеген және медициналық комиссия жарамды деп таныған адамдар туралы болып отыр.

Запастағы офицерлердің көп бөлігін, 700 адамды Қарулы Күштерге жіберу жоспарланған. Екінші орында – Ұлттық ұлан (131 офицер). ҰҚК Шекара әскерлеріне 80 адам, ТЖМ әскери бөлімдеріне төрт адамды жіберуді жоспарлап отыр. Қызмет ету мерзімі 24 ай.

Жобаны көпшілік талқылауы 16 қазанға дейін жалғасады.