10 ақп, 2021 сағат 06:41

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол ашылды

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облысындағы бірнеше тасжолда шектеу алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ақмола облысында мына бағыттар бойынша жол ашылды: 

1. «Екатеринбург - Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, Жалтыркөл а.- Қарағанды обл. шекарасы уч. («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі). 

Қарағанды облысында 10 қаңтар 06:00-ден бастап мына бағыттар бойынша көлік қозғалысы ашылды: 

2. «Екатеринбург - Алматы» автожолының 1353-1425 шақырымы, Ақмола обл. шекарасы-Теміртау қ. уч. («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі). 

Павлодар облысында: 

1.«Қызылорда- Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырымы Қарағанды обл. шекарасы –Шідерті к. уч. 

2. «Ленинский-Иртышск-Русская Поляна» 0-272 шақырымы, Ленинский а.- РФ шекарасы учаскесінде; 

Қарағанды облысында: 

1.«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр – Киевка-Теміртау» автожолының 51-266 шақырымы, Ақмола обл. шекарасы-Теміртау қ. уч.; 

2.«Қызылорда-Павлодар» автожолының 992-1135 шақырымы, КМГ жанар-жағармай бекеті-Павлодар облысы шекарасы учаскесінде жол ашылды. 

Ақмола облысында сағат 07:30-дан бастап: 

1.«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр – Киевка-Теміртау» автожолының 30-51 шақырымы Қызылжар а.-Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде көлік қозғалыс ашылды.