24 қаз, 2024 сағат 10:54

Қазақстанға жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды


Фото: ҰҚК


12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстағанын хабарлады.


Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.


«2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.
ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды», — деп мәлімдеді ведомстводан.


Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы шекарадан жанармайды заңсыз өткізудің 159 дерегі анықталған болатын.