03 шіл, 2024 сағат 15:24

Қазақстандықтарға 43 градусқа дейін ыстық болатыны ескертілді


Фото: Ашық дереккөз


Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, оның салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.


"Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33...+43 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.