03 мау, 2024 сағат 13:04

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?


Фото: Sputnik / Санат Имангалиевё


Құрбан айт мерекесі Оразадан 70 күн өткеннен кейін тойланады. Биыл аталмыш мереке 17 маусым, яғни, дүйсенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.


Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.


Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.