Instagram-дағы қазақстандық танымал блогерге алаяқтық жасады деген айып тағылды. Әлеуметтік желілерде қолданушылар 20 адам алаяқтық құрбаны болғанын жазды. Олар Түркияда 700 мың теңгеге табысты кәсіп жүргізу жолын үйренбек болған. Нәтижесінде, ақша да, курстар да жоқ. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы репортажында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Мұндайды дұшпанға да тілемеймін. Бөтен елге келу, ақша беру, оған қоса телефонымызды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі қиын екенін айтты. Кешірім сұраудан басқа амал болмады", - дейді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.
Блогер кінәсін мойындамай, керісінше, ол клиенттеріне қолдау көрсеткенін және келісімшарттың барлық талабын орындағанын айтты.
