23 мам, 2024 сағат 11:55

Қазақстандық танымал әнші әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынды


Фото: instagram.com/farema_kazakpayeva


Қазақстандық танымал әнші Фарема Қазақпаева әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке слітеме жасап.


Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған әншіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады. 


"Сот YouTube видео хостингінде К. әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде тараған", - делінген сот хабарламасында.


Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.