28 қаң, 2025 сағат 13:01

Қазақстандық ғалымдар онкологияға қарсы препарат жасады

Фото: www.research.ox.ac.uk

Қазақстандық ғалымдар жасаған онкологияға қарсы препарат жылдың соңында тіркеуден өтеді, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Бір топ қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған», - деді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар, ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілген. 

«Атап айтқанда, 2 млн 800 мың адам онкологиялық скринингтен өткен. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші 3,5%-ға төмендеді», - деді Олжас Бектенов.