Фото: Pixabay.com
Бас прокуратура кәмелетке толмағандарды суицидке итермелейтін “анимені” анықтады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Telegram мессенджерінің мониторингін қадағалау барысында "аниме" жанрында өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмаларды орындаған екі жасөспірім анықталды.
Заңды өкілдермен сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізілді. Балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды.
Сонымен қатар осы мессенджерде балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контент анықталды. Қазір"Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған.
“Қазанда облыс әкімдігінің алаңында ауқымды практикалық семинар өткізілді. Онда облыстың білім беру мекемелерінің директорлары мен психологтарына суицидке бейім балаларды, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анықтау бойынша жаңа ғылыми әдістемелер мен алгоритмдер жеткізілді.
Қадағалау органының ұсынымдары бойынша мектеп әкімшілігі жалпыға бірдей ата-аналар жиналысын өткізді. Онда жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша әдістемелік құралдар және балалардың смартфондарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша бақылау орнату жөніндегі талаптар жеткізілді”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша, қауіп тобындағы балаларды анықтау мақсатында сауалнамалар мен психологиялық тренингтер жалғасып жатыр.