04 мау, 2024 сағат 11:05

Қазақстандағы халық саны: 20 миллионнан астам адам

Сурет: 24kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы мәліметтерді жариялады. 

Қазақстанда 1 мамырдағы жағдай бойынша 20 118 478 адам тұрады. Оның ішінде қала тұрғындары - 12 533 471, ауыл халқы - 7 585 007 адам.

Қазақстанның ең тығыз қоныстанған қаласы - Алматы, онда 2 249 370 адам тұрады. Екінші орында 2 144 703 тұрғыны бар Түркістан облысы, көшбасшылардың үштігінде - Алматы облысы, онда 1 531 167 адам тіркелген. 

Астана төртінші орында. Елордада 1 444 104 тұрғын тұрады. Бірақ кейінгі жылдары Астанаға көшушілер саны артқан, өсім саны бойынша Астана бірінші орында - 1,96 %.

Халықтың жалпы өсімі 27 975 адамды құрады.